FAMELAB – ЖЕР БЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМ КОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ КОНКУРСТАРДЫҢ БІРІ

24.10.19
|
Жаңалықтар

Егер Сіздің жасыңыз 21-40 аралығында болса және ғылыми концепцияны ағылшын тілде үш минут ішінде түсіндіре алатын болсаңыз, осы конкурсқа неліктен қатыспауға? Сіз ғылымның жаңа тұлғасына айнала аласыз, Ұлыбританияда өтетін халықаралық FameLab конкурсына Қазақстан атынан шыға аласыз және ғылыми коммуникациялардың кең мүмкіншіліктеріне қол жеткізесіз!           

 

Сілтемені пайдаланып, өз бейнежазбаңызды қосып, онлайн-тіркелу нысынын 2020 жылғы 11 қаңтарына дейін толтырып жіберіңіз.

Қазақстанда FameLab конкурсы «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Фонд науки» АҚ және OYLA журналымен бірлесіп өткізіледі. FameLab халықаралық конкурсының финалын Cheltenham Science Festivals және British Council бірлесе өткізеді.

FameLab конкурсы туралы көбірек білу үшін British Council парақшасына кіріңіз https://www.britishcouncil.kz/kk/famelab.

Егер сұрақтарыңыз болса, бізбен осы электрондық поштамен famelab@oyla.xyz байланысыңыз.


Кері байланыс