4 қазанда «Коммерцияландыру - ғылым мен бизнесті біріктірудың құралы» II Халықаралық форум өтті

19.11.18
|
Жаңалықтар

Форумға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Қазақстан Республикасы Парламент Сентанының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, Ғылым және техникалық ақпарат Халықаралық орталығының бас директоры Евгений Угринович, ҚР «Атамекен» ҰКП әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік Комитетінің төрағасы Талғат Доскенов, (Strategic InterCom GmbH), стратегиялық мәдениет аралық байланыс орталығының басқарушы директоры, (Mittelstand International) орта бизнес саласындағы Германия-Қытай Қауымдастығының ТМД елдері арасындағы өкілі Константин Шамбер Твенте Университетінің профессоры Йорам Крозер Амстердам, энергетика саласындағы тұрақты инновация бойынша Европалық Қауымдастық Кеңесінің мүшесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, салааралық министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік секторларының, ғылым мен бизнестің өкілдері, отандық және шет елдік жетекші сарапшылар қатысты.

Форумда ғылыми зерттемелерді коммерцияландыруды қолдау, ғылым, технология және инновация, технологиялық кәсіпкерлік бойынша халықаралық қаржыландырылатын гранттық бағдарламаларға қатысу механизмдері және старт-ап компанияларды дамыту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Форум брокерлік жағдай форматында өткізілді, негізгі мақсат ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мүдделі әлеуетті серіктестерді іздестіру және олармен байланыс орнату болып табылады. Осы мақсатта форум аясында «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен ғылым және ғылыми техникалық нәтижелерді коммерцияландыру жобалары бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған тауралар мен қызмет көрсету түрлері қазақстандық ғылымның өнімдері болып табылады және бірінші кезекте импортты алмастыруға бағытталған. Сондай-ақ форумда «Сколково» қорының қолдауымен жүргізіліп отырған жобалар да ұсынылды.

Форум аясында «Ғылым қоры» АҚ «Сколково» қорымен және «Қант өнімдері және кайта өңдеу өнеркәсібінің Қазақстандық Қауымдастығы» ЗТБ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Негізгі жаңалықтардың бірі ретінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жобаларды бірлесіп жүзеге асыру бағытында ғылым және бизнес өкілдерінің арасында 7 келісім шарт жасалды.

Тақырыптық сессиялар, мастер класстар, дөңгелек үстелдер, сондай-ақ кездесулер және бейресми тілдесімдер коммерцияландыруды қолдау құралдарын, ғылым, технология және инновация бойынша халықаралық қаржыландырылатын гранттық бағдарламаларға қатысу механизмдері, технологиялық кәсіпкерлік және старт-ап компаниялары бойынша сұрақтар талқыланды.

«Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы форум қатысушыларын « Ғылым қоры» АҚ жобасы аясында шығарылатын жаңа инновациялық өнімдердің 12 өндірісі іске қосылды, және 9 жоба бойынша 2018 жылдың небәрі 8 айының ішінде өнімдерден сатудан түскен пайда 400 511 837 тенге құрағанын атап көрсетті.

Форум  материалдары Материалы по форумусілтемесі арқылы қол жетімді.

 

 

 

 

 


Кері байланыс