2018 жылғы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсының шеңберінде қабылданған өтініштердің мәртебесі

24.08.18
|
Байқаулар

2018 жылдың 12 маусымында «Ғылым қоры» АҚ (әрі қарай - Қор)  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті атынан 2018 жылға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс (әрі қарай - Конкурс) жариялады.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қор әлеуетті өтінім берушілерге Қазақстанның 23 қаласында семинарлар өткізді.

Өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 18 маусымынан 1 тамызына дейін e-cloud.asia порталы арқылы жүргізілді.  

Қабылдау мерзімі аяқталған уақытта электрондық порталға 431 өтінім тіркелген.

2015 жылғы 31 желтоқсандағы №718 бұйрықпен бекітілген  «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру Ережесінің» 10 тармағына сәйкес Конкурстық құжаттамаға сәйкес келмейтін өтінімдерді конкурс операторы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде кері қайтарады.

Осыған орай, Қор келіп түскен 431 өтінімге формальды тексеру жүргізді, нәтижесінде конкурс құжаттамаларының талаптарына 353 өтінім сәйкес, ал 78 өтінім сәйкес еместігі анықталды.

Конкурс құжаттамаларына сәйкес өтінімдер ү.ж. 17 тамызында технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларға жолданды.  Сараптама өтінімдердің конкурс құжаттамаларына сәйкестігін тексеру күнінен бастап 45 (қырық бес)  жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

Оператор сараптама аяқталғаннан кейін өтінімнің сұрыпталған тізімін, сараптама жиынтық қорытындысы және өтінім материалдарын уәкілетті органға Ұлттық ғылыми кеңес (әрі қарай - ҰҒҚ) қарауына ұсыну үшін жолдайды.

ҰҒҚ сұрыпталған тізімнің реттілігіне сәйкес, яғни жоғары бал жинағанынан бастап өтінімдерді қарастырады. ҰҒҚ шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және мақұлдаудың не қабылдамаудың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру көлемін айқындаудың негіздемесі мазмұндалады.

Қаржыландыруға мақұлданғандар мен қабылданбаған жобалар  тізімі бар ҰҒҚ отырысының хаттама көшірмесі ҰҒҚ-ның жұмыс тобы арқылы операторға беріледі.

Оператор ҰҒҚ-ның жұмыс тобынан конкурс жеңімпаздарының тізімін алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде гранталушымен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруға грант беру туралы келісім-шарт жасайды.

 


Кері байланыс