«Микроклондап көбейтудің биотехнологиялық әдістерін жәнезиянкестер мен ауруларға қарсы интегралды қорғау жүйесі арқылы өсірудің агротехникалық тәсілдерін қолданудың негізінде тораңғы терегі мен қазақстандық сұрыптаудан өткен терек гибридтерінің таңдаулы көшет материалдарын өндіру мен сатуды ұйымдастыру»

07.05.18
|
2017 жыл

Грант алушы

«Ж. Жиембаев атындағы Қазақ Өсімдік Қорғау және Карантин Ғылыми Зерттеу Институты»

Жүзеге асыру мерзімі

36 ай, 2018-2020

Жобаның мақсаты

Интегралды қорғау жүйесі арқылы теректің коммерциялық бағалы түрлері мен гибридтерінің (тораңғы, қазақстандық, Симон)таңдаулы және сауықтырылған көшеттерін көгалдандыру үшін, сондай-ақ фермерлік және бақ шаруашылықтарына, тәлімбақтарға арнап және теректің өнеркәсіптік плантацияларын құру үшін өндіру және сату.

Коммерциялау үшін түпкілікті өнім

Әртүрлi терек түрлерiнiң таңдаулы сауықтырылған көшеттерi:

1) Қазақстандық сұрыптаудан өткен терек

2) Тораңғы терегі

3) Толық аяқталған тәлімбақ (қызмет)

Болжалды нәтижелері

Жобаны орындау нәтижесінде тораңғы теректері мен қазақстандық сұрыптаудан өткен жылдам өсетін гибридті теректердің таңдаулы көшет материалдары сатылып, тәлімбақтарды көркейту мен өсімдіктерді қорғау қызметтері көрсетіледі.

Артықшылықтар

Жобаның нәтижесінде алынған өнімнің артықшылықтары:

1. Қазақстандық сұрыптаудан өткен теректің таңдаулы көшеттері.

Зиянкестер мен ауруларға төзімді.

Гипоаллергенді (түктері жоқ).

Жоғары өсу энергиясы.

Өміршеңдіктің жоғары пайызы.

Көлемді партиялар (тапсырыс бойынша, 1 миллион данаға дейін).

 

2. Тораңғы теректерінің таңдаулы көшеттері.

Нарықтағы бірден-бір өнім. (Микроклондап көбейту – аталған түрдің көшеттерін алудың жалғыз жолы.)

Зиянкестер мен ауруларға төзімді.

Өміршеңдіктің жоғары пайызы.


Байланыстар

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 41, «Silk Way Center» БО, 4 қабат

Бізбен байланысыңыз

Біз сіздің деректеріңіздің құпиялығына кепілдік береміз
Кері байланыс