Габариттік полимербетон бұйымдарын өндіру желісін құру

11.09.18
|
2016 жыл

Грант алушы

«Өтемiс LTD» ЖШС

Жүзеге асыру мерзімі

2017 жылғы 1 қаңтардан 2018 жылғы 31 шілдеге дейін

Жобаның мақсаты

Қарағанды қаласы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында бөлінген учаскеде ҚР СТ 2598-2015 ұлттық стандартына сәйкес габариттік полимербетон бұйымдарын өндіру цехын құру

Коммерциялау үшін түпкілікті өнім

ҚР СТ 2598-2015 стандартына сәйкес сумен қамтамасыз ету, суды өткізу, газбен қамтамасыз ету жер асты инженерлік желілерін және кабель желілерін өткізуге арналған ревизиялық құдық.

Құдық полимербетон материалынан әзірленген, мұнда полимер шығыны тұтқыр материал болып, ал толтырғышы – құрылысқа арналған құм болып табылады.

Құдықтың габариттік өлшемдері:

сыртқы диаметрі 1560 мм.

ішкі диаметрі 1460 мм.

қабырға сегменттерінің биіктігі 200 мм.

жабу тақта тасының диаметрі 1540 мм, биіктігі 200 мм.

люк қақпағының диаметрі 700 мм, биіктігі 80 мм.

Биіктік пен салмақты есептеу үшін биіктігі Н2100 мм, диаметрі Д1560 мм есептік құдығы алынады.

Есептік құдық мыналардан құралады:

1. жабу тақта тасы ПП15 – 1 бірлік;

2. қабырға сегменті КС-15 – 9 бірлік;

3. түбінің тақта тасы ПД15 – 1 бірлік;

4. қақпақ люк КПП-7 – 1 бірлік

5. обечайка ОК-8 – 1бірлік.

Есептік жинақтың массасы 1050 кг.

Болжалды нәтижелері

Термопластикалық қалыптастыру технологиясы бойынша диаметрі 1500 мм-ден артық және салмағы 160 кг-ға дейін болатын ревизиялық құдықтар салудың тәжірибелі өндірісі. Жаңа ревизиялық құдықтарды инженерлік желілер құрылысында қолдану. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта әдеттегі темірбетон құдықтарын жаңа ревизиялық құдықтармен біртіндеп ауыстыру.

Артықшылықтар

Пластмасса шығыны, құрылысқа арналған құм, ұсақталған тальк, битум сияқты құны қымбат емес шикізат компоненттерін қолданып және 200°С температурасында 50 кг/см2 дейін жоғары қысымда пресстеу әдісін пайдаланып беріктігі мен төзімділік сипаттамасы бойынша әдеттегі М200 маркалы В15 класының темірбетон бұйымдарынан артық болатын, қымбат 

Жобаның жетекшісі

Пудов Александр Михайлович


Байланыстар

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 41, «Silk Way Center» БО, 4 қабат

Бізбен байланысыңыз

Біз сіздің деректеріңіздің құпиялығына кепілдік береміз
Кері байланыс