Бірегей иммунтүрлендіруші дәрінің өндірісін ұйымдастыру және жаңа препараттың тәжірибелік партияларын шығару.
|
2016 жыл
Грант алушы
«Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ
Жүзеге асыру мерзімі
2016-2018 жж.
Жобаның мақсаты
жаңа бірегей иммунтүрлендіруші дәріні өндіру.
Коммерциялау үшін түпкілікті өнім
асқазанға төзімді қабықшамен қапталған нативті арглабин таблеткалары.
Болжалды нәтижелері
- жаңа иммунтүрлендіруші дәрінің пероральді дәрілік түрін өндіруге арналған тәжірибелік-өнеркәсіптік регламент;
- жаңа иммунтүрлендіруші препаратты өндіріске енгізу актісі;
- қабықшамен қапталған таблеткалар түріндегі «Нативті арглабин» бірегей иммунтүрлендіруші дәрісін сату үшін оның сериялық өндірісін ұйымдастыру;
- дистрибьюторлық компаниялармен өнімді алға жылжыту шарттарын жасау.
Артықшылықтар
- қолданымдағы аналогтармен салыстырғанда препараттың бағасы төмен (2 есе);
- субстанцияны өндіруге арналған шикізат қоры жеткілікті.