
Қызметтің стратегиялық бағыттары
Миссиясы
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілеріне нақты экономика секторына жауап беретін ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруда жәрдемдесу.
Пайымдауы
- Ғалымдар қызметінің, оның ішінде зияткерлік, меншік жобаларды іске асыру барысында туындаған өнімдер мен қызметтер объектілерінің нәтижелерін дамыту;
- Алынған нәтижелерді ішкі және сыртқы нарыққа одан әрі дамыту үшін жобаларды атқарушыларды қолдау;
- Инвестицияны тарту бойынша көмек көрсету;
- Серіктестіктер іздеу;
- Біріккен жобаларды іске асыру;
- Құзыретті арттыру - осы мәселелер арқылы ғалымдар мен бизнестің өзара әрекетін қамтамасыз ететін орталық кеңсе болу.
Қызметтің стратегиялық бағыттары
- Ғалымдарды, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын және жобаларын, оның ішінде бизнеспен біріккен жұмыстарын іске асыруы кезінде кешенді қолдау:
- іске асырудың барлық кезеңдерінде жобаны қадағалау және мониторинг жүргізу;
- ғылыми инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру;
- зияткерлік меншік нарығын дамыту;
- жеке және коммерцияландыру қатысушыларының құзыреттігін арттыру.
Ғалымдарға бизнеспен өзара тиімді ынтымақтасуды реттеуде қолдау көрсету:
- Бизнестің ғылыми зерттеулерге мұқтаждығын, ҒҒТҚН коммерцияландыруды және ҒЗИ/ЖОО бизнеспен қойылған тапсырмаларды шешуге дайындығын анықтау;
- Ғалымдардың, жеке серіктестіктердің, сервистік компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ғылыми зерттеулерді және ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
- Ғылым және ҒҒТҚН коммерцияландыру саласында өткізілетін саясат туралы аймақтардың ақпараттығын арттыру.
Байланыстар
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 41, «Silk Way Center» БО, 4 қабат