Жетістік тарихы

«Ғылым қоры» АҚ (бұдан әрі – Ғылым қоры) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы  қарашаның 7-гі №1057 «Ғылым қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Ғылым қорының жалғыз акционері болып табылады.

Басым, бастамашылық, тәуекелді зерттеулерге және мемлекеттегі ғылыми зерттеуді практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жәрдемдесу - Ғылым қоры қызметінің негізгі мәні болып табылады.

Өзінің он жылдық қызметінде Ғылым қорының мынандай тәжірибесі бар:

  • Ғылыми зерттеулер бойынша жобаларды гранттық қаржыландыру (575 қарауға келіп түскен өтінімдердің ішінен жалпы сомасы 242,2 млн. теңгеге 22 жоба қаржыландырылды)
  • Инновациялық гранттар ұсыну (жалпы сомасы 690,2 млн. теңге 28 жоба қаржыландырылды).

2006-2013 жылдары Ғылым қоры пайызсыз қарыз түрінде немесе консорциумді құру нысанында коммерцияландыру үшін жалпы сомасы 193,0 млн. теңгеге 11 жобаны қаржыландыруды жүзеге асырды.

2013 жылдан бастап 2015 жылдарға дейін төмендегідей мемлекеттік тапсырмалардың атқарушысы болып табылады:

  • «2013-2015 жылдарға арналған әлеуметтік саясаттың және мемлекеттік басқаруды жаңа ұстанымдары»;
  • «2013-2015 жылдардағы тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары және идеалдары».

2014 жылдан бастап Қор «2014-2016 жылдарға арналған тарих ағынындағы халық» бағдарламасының орындаушысы болып табылады.

2016 жылдан бастап Қор ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша оператор болып табылады.

Байланыстар

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 41, «Silk Way Center» БО, 4 қабат

Бізбен байланысыңыз

Біз сіздің деректеріңіздің құпиялығына кепілдік береміз
Кері байланыс