2017 жылғы ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы

2017 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша конкурс нәтижелері

«Ғылым қоры» АҚ ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары бойынша 2017 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) нәтижелерін хабарлайды:1)«Энергетика және машина жасау»; 2)«Өмір және денсаулық туралы ғылым»; 3)«Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын оңтайлы пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және конструкциялар»; 4)«Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыш технологиялары, жаратылыстану ғалымдары саласындағы ғылыми зерттеулер».  2017 жылдың 12 маусымынан бастап 26 шілдесіне дейін Конкурс операторы «Ғылым қоры» АҚ-на 502 Конкурсқа өтінімдер келіп түсі, олардың ішінде: – 113 өтінімдер Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу себептері бойынша қабылданбады; – 389 өтінімдер технологиялық сараптамаға (ТС) және экономикалық (маркетингтік) сараптамаға (ЭМС) жіберілді. Содан кейін ТС және ЭМС нәтижелерімен 389 өтінім Ұлттық ғылыми кеңеске (бұдан әрі – ҰҒК) қарауға ұсынылды. Ұлттық ғылыми кеңестің жоғарыда аталған ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қаржыландыруға мақұлданған және қабылданған жобаларды көрсетумен шешімдері осы жерде орналастырылған.


Конкурс туралы ақпарат


Конкурс бойынша статистика

Байланыстар

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 41, «Silk Way Center» БО, 4 қабат

Бізбен байланысыңыз

Біз сіздің деректеріңіздің құпиялығына кепілдік береміз
Кері байланыс